Лемьё менеджері: Бізге Головкин керек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамыр айында франциялық Хассан Эндам Энжикам (31-1, 18 КО) мен канадалық панчер Давид Лемьё (33-2, 31 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді.
Давид Лемьёнің менеджері Камиль Эстефанның айтуынша, оның боксшысы ең мықты боксшылармен жұдырық түйістіруге дайын және тек ірі кездесулерге ұмтылатын болады.
«Біз қарсылас ретінде Энжикамды қалаймыз, - дейді менеджер. - Одан кейін кезекте кім екенін әлі ойластырғанымыз жоқ, бірақ Сауль «Канело» Альвареспен күш сынассақ дейміз. Бізге Котто мен Головкин де керек. Егер ақшалай келіссек, бәрі де болады. Біз Давидке толық сенеміз, ол дұрыс бағытта келе жатыр және күн өткен сайын жетілуде. Оның жұдырықтасу ерекше, сондықтан да болар Лемье жекпе-жектері халыққа өте ұнайды».
«Хассан рингте өте мықты қозғалады. Аяқтары жылдам. Давид жақын арақашықта жұдырықтасып, қарсыласын қуып жүріп, сабауды жақсы көреді. Бізді стильдік тұрғыда нағыз айқас күтіп тұр. Куиллинге қарсы өткен жекпе-жекте Энжикам жерден алты рет тұрды. Өте жүректі жігіт. Дегенмен Лемьёге қарсы ол бір рет те тұрмайды», - дейді Эстефан.