Лемье-Риос кездесуі кешінде екі қазақстандық рингке шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қазан күні Монреальда бокс кеші өтеді, онда канадалық Давид Лемье (35-3) мен аргентиналық Кристиан Риос (21-7-3) жекпе-жегі өтеді. Сонымен бірге бұл шоуға екі қазақстандық боксшы - Абылайхан Құсайынов пен Батыр Жүкембаев қатысады, деп хабарлады Sports.kz.
Төрт раундтық кездесуде жеңіл салмақтағы Құсайынов (2-0) венгриялық Атилла Череклымен (6-2) қолғап түйістіреді. Ал жартылай орта салмақтағы Жүкембаев (5-0) сегіз раундтық айқаста мексикалық боксшы Иван Перейраға (20-7) қарсылас болады.