Ленин мен Гитлердің шахмат ойынын бейнелеген сурет табылды

АСТАНА. Қыркүйектің  3-і. ҚазАқпарат  - Жас  Адольф Гитлердің     Владимир  Ленинге  ұқсас  адаммен    шахмат ойнап  отырғанын бейнелеген   сурет  табылды, 
None
None

деп   хабарлайды  Utro.ru сайты.

Картинаны 1909 жылы   Венада Эмма Ловенштрамм  салған. Эмма  Ловенштрамм сол  кезде сурет  салуды  енді  үйрене  бастаған Гитлерді   кескіндеме  салуға   үйреткен  шебер.

Картонның сыртында   қолтаңбалар   қойылған,  жұрттың айтуынша,   ол болашақ  екі  диктатордың     қолдары.

Суреттің  қазіргі  қожайынының   айтуынша,   дәмхананың     еврей  иелері   көшіп  бара жатып, бұл суретті  және шахмат   тақтасын      дәмхананың  қазіргі   иесінің бабаларына     тарту еткен.     Енді    картина мен  шахматтың,  әзірге  аты  аталмай  отырған  иесі   жәдігерлерді  қазанның  1-інде  Британияда  өтетін Mullock's  аукционына   шығарып  отыр.

Соңғы жаңалықтар