Ленинград қоршауына арналған www.leningradpobeda.ru сайты іске қосылды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Интернетте бірегей сайт іске қосылды Ұлы Отан соғысы кезіндегі Ленинград блокадасына арналған ол сайтта - www.leningradpobeda.ru - соғыс жылнамасына арналған айдар,
блокада жылдарындағы Ленинград радиосы мұрағатының сандық нұсқаға көшірілген қорына арналған «Радио» айдары, «Қоршаудағы Ленинградтың өнер саласы» атты айдар бар. Сайтта сондай-ақ, сонау қоршаудағы жылдары қалада өршіген өсек-аяңдар да баян етілген «Аңыздар мен әңгімелер» атты айдар да бар.
Ал «Бәрі де Жеңіс үшін» бөлімінде қоршаудағы Ленинградта тұрған адамдардың тарихтары мен жеңіс символдары жинақталған. Сайтта сондай-ақ блокададағы Ленинград пен оның тұрғындарының фотосуреттері бар.
Сайттың негізгі парағы - «Блокадашыларға арналған» бет болып табылады. Бұл бөлімде Ленинград қоршауын бастан кешірген және бүгінде Петерборда немесе одан тыс жерлерде тұрып жатқан адамдардың тарихтары мен фотосуреттері орналастырылған. Осынау сервистің көмегімен нақты адамдарды табуға және олармен хабарласуға болады.