Ленинград облысында ішінде балалар отырған шағын автобус жол апатына ұшырады

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Ленинград облысында ішінде балалар отырған шағын автобус жол-көлік апатына ұшырады.
None
None

Бұл туралы Утро.ру ақпараттық агенттігіне жергілікті құқық қорғау органдарының өкілі хабарлады.

Жол апаты Выборгское тас жолының 23-ші шақырымында, Озерки кентінің қасында болды. Онда шетелдік көлік пен ішінде 10 бала және үш ересек отырған шағын автобус соқтығысты. Қазіргі кезде оқиға орнында «жедел жәрдем» дәрігерлері жұмыс істеуде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жеті адам зардап шекті, соның ішінде бес оқушы бар. Апаттың мән-жайлары анықталуда. Автобус балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің иелігінде еді.

Соңғы жаңалықтар