Лениннің аяғынан «Олимпиадашы» мүсінін жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның солтүстік-шығысындағы Сумы қаласында «Олимпиадашы» мүсінін орнатты. Оны 2014 жылы Украинадағы оқиғалар кезінде құлатылған Ленинге арналған алып қола ескерткіштің аяғынан жасалды, деп хабарлады «112.ua».
Портал ақпаратынша, мүсін жеңілатлетикалық манеж маңына орнатылды. Оны облыстағы белгілі спортшы, төрт дүркін олимпиада чемпионы Владимир Голубничийге ұқсас етіп жасады.