Лео Игитаның әрекеті үшін «Қайрат» футзал клубына айыппұл салынды

игита
Фото: Informburo.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан футбол федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті. 

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, онда қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан «Қайрат» футзал клубы ойыншыларының спортқа жат әрекеттеріне қатысты мәселе қаралды. Комитет шешіміне сәйкес «Қайрат» АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

«Айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет. «Қайрат» АФК бас директоры А.Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілсін. «Қайрат» АФК аталмыш жағдайдың бастамашыларын (араңдатушыларын) тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелсін. Нәтижесін 2024 жылдың 24 маусымына дейін хабарласын», - делінген ресми ақпаратта. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ҚФФ Лео Игитаның әрекетіне байланысты мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар