Лео Варадкар Ирландия премьер-министрі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -    Ирландиялық Дойла - төменгі палата депутаттары     Fine Gael  партиясының көшбасшысы Лео Варадкардың кандидатурасын  Ирландия Премьер-министрі лауазымына бекітті. Бұл туралы  ТАСС хабарлады.

 Лео Варадкар Ирландия премьер-министрі болды

Таяу сағаттарда  Варадкар мемлекет басшысының резиденциясына барады және     президент  Майкл  Хиггинстің қолынан атқарушы биліктің атрибуты -  «кеңсе мөрін» алады. 14 маусымда министрлер кабинетінің жаңарған құрамы жарияланатыны күтілуде.   

Лео Варадкар осы жылдың 18 мамырында  Fine Gael көшбасшысы уәкілеттігін өз еркімен тапсырған Премьер-министр   Энду Кеннидің орнына келді.     2 маусымда  партияішілік сайлауда  Варадкар  60% дауыс жинап,   өзінің жалғыз бәсекелесі  - Саймон  Коувениді басып озды. Осылайша, Ирландия үкіметі басшысының орнына басты үміткер атанды.