Леонардо Ди Каприо мен Том Хэнкс Михаил Горбачев жайлы кино түсірмек

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Леонардо Ди Каприо мен Том Хэнкс КСРО-ның соңғы басшысы Михаил Горбачев жайлы кино түсіруге ниетті.

Леонардо Ди Каприо мен Том Хэнкс Михаил Горбачев жайлы кино түсірмек

Кинолентада Кеңес Одағының күйреуі Михаил Горбачевтің көзімен суреттелмек.

Америкалық БАҚ өкілдерінің хабарлағанындай, М.Горбачевтің өзі және көп жылдар бойы КСРО-ның бірінші әрі соңғы президентінің аудармашысы қызметінде еңбек еткен Павел Палажченко аталмыш жобаның кеңесшілері болмақ. Сценариймен Джон Шибан шұғылдануда. Ал Ди Каприо мен Хэнкс - фильмнің продюсерлері.