Леонардо Ди Каприоның биі көпшілікті таңғалдырды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актері Леонардо Ди Каприо Калифорнияда өткен Coachella Music And Arts Festival фестивалінде өзінің әсерлі биімен көпшілікті таң қалдырды. Актердің билеп жатқан видеосы ғаламтор пайдаланушылардың жүрегіне жол тапты, деп жазады Дни ру.
Уoutube желісіне орналастырылған бұл бейнекөріністі 2 күннің ішінде 1 430 524 адам тамашалап үлгерді.
Танымал тұлғаның әсерлі биі маңайдағы қауымның назарына ілігіп, олар ұялы телефондарындағы камераға түсіріп алған. Видеоның сапасының төмендігіне, актердің киім-кешегіне қарамастан, оның өнеріне табынушылар бишінің кім екенін бірден аңғарды.