Леонид Агутин мен Анжелика Варум көлік апатына ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей эстрадасының жұлдыздары Леонид Агутин мен Анжелика Варум Кемерово облысы Прокопьевск қаласында көлік апатына ұшырады.
None
None

Мұнда олар Барнауылдан келген. Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері жағдайларын тексергеннен кейін әншілер ауруханаға барудан бас тартқан. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасынан хабарлады.

Жол-көлік апаты сейсенбі күні қаланың теміржол вокзалының маңында орын алған. Олар мінген көлік шетелдік маркалы машинаға соғылған.

Кешке қалада концерт болды. Алайда жұртшылық Леонид Агутиннің ғана өнерін тамашалады. "Көрермендерге сахнаға Леонид Агутиннің ғана шығатыны ескертілді. Алайда билетті ешкім қайтарған жоқ. Ән айтар алдында ол жолдағы келеңсіз оқиға жайында айта келе, Анжелика Варумның өзін нашар сезінгендіктен сахнаға шыға алмағандығын жеткізді ", - деді мәдениет басқармасындағылар.

Соңғы жаңалықтар