Лермонтовтың ең алғаш жарық көрген өлеңі Мәскеуде бәссаудаға шығарылады

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Михаил Лермонтовтың ең бірінші басылған «Көктем» өлеңін "Кабинетъ» бәссауда үйі саудаға қоймақ.
None
None

Аукцион ертең, 23 сәуір күні Мәскеуде өтеді, деп хабарлады РБК.

М.Лермонтовтың бұл өлеңі 1830 жылы «Антей» деген атаумен шыққан альманахта жарияланған болатын. Аукционды ұйымдастырушылар кемінде 580 мың рубль табыс табуды көздеп отыр. Ал, сарапшылар аталған өлең кемінде 700 мың рубльге сатылады деп бағалауда.

Лермонтов өзінің «Көктем» өлеңін алғашқы махаббаты Екатерина Сушкова арнаған болатын. Жалпы, ақынның осы бойжеткенге арналған он бір өлеңі бар.

Соңғы жаңалықтар