Лермонтовтың жекпе-жегі туралы соны құжаттар табылды
АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Пенза облысының прокуратурасы Лермонтовтың жекпе-жегі туралы құжаттарды «Тарханы» мұражайына тапсырды,
деп хабарлайды РФ-ның Бас прокуратурасы.
Осы оқиғаға қатысты көп құжаттың арасында 1841 жылы 18 шілдеде қалалық басқарманың поручик Лермонтов пен майор Мартынов арасындағы дуэль туралы рапорты мен 1841 жылы қылмыстық оқиғалар болған журналдың көшірме үзіндісі бар.
Онда Лермонтовтың өлімі мен қарсылас дуэлистің қамауда отырғандығы жөнінде ақпарат жазылған.