00:33, 31 Тамыз 2014 | GMT +5
Лесотода әскери төңкеріс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Африканың оңтүстігінде орналасқан Лесото корольдігінде төңкеріс болып, әскерилер негізгі ғимараттарды өз бақылауына алды, деп жазады ВВС.

Елдің спорт министрі Франс пресс агенттігіне әскерилердің ел үкіметі орналасқан ғимаратты да басып алғанын мәлімдеген.
Елдің астанасы Масеруде атыс болып жатқандығы жайлы да хабар бар. Радиотрансляция мен телефон байланысы істен шықққан.
Лесото - жан-жағынан Оңтүстік Африка республикасы қоршап тұрған анклавтік республика.
1966 жылы Ұлыбританиядан азаттығын алғаннан бері елде осымен бірнеше рет төңкеріс болып отыр.