Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралық семинар өтті

СТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Орталық Азияның ХХI ғасырдағы қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы: мақсаттар, басымдықтар және қатерлер» тақырыбында халықаралық семинар өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинарда әлемдік және аймақтық алып мемлекеттердің Орталық Азия елдермен өзара қарым-қатынасы, аймақтағы су қуатын пайдалану, жаппай қырып- жоятын қару-жарақты қолдану мәселелері талқыға салынды. «Бүгінгі семинар Қазақстанның алдына қойған жаңа белесі - Шығыс пен Батыстың арасын жалғастыратын шынайы көпір болу мәселесі аясында өзекті болып отыр. Қазақстан үшін Орталық Азия аймағымен сауда-экономикалық қатынастарды ғана емес, сондай-ақ осы аймақтағы елдерімен байланыста туындап отырған шекаралық қатерлердің алдын алу және оған қарсы тұру да аса маңызды», - деді семинардың ашылу рәсімінде университет ректоры Б.Әбдірайым.

Семинар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Қазіргі зерттеулер институты, Аймақтық болжамдау орталығы және Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының ұйымдастыруымен өтті.

Соңғы жаңалықтар