«Левиафан» Мысырдағы киноконкурстың бас жүлдесіне ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік режиссер Андрей Звягинцевтің «Оскар» сыйлығынан үміткер «Левиафан»» картинасы Мысырдың оңтүстігіндегі Луксор қаласында өткен египеттік және еуропалық кинофестивальдің жоғары марапаты - Гран-при жүлдесіне ие болды.

«Левиафан» Мысырдағы киноконкурстың бас жүлдесіне ие болды

Бағдарламаға 20-дан астам елден ішінде 12 толық метражды фильм болған 66 кинолента қатысты.

Сонымен, фестивальдің бас жүлдесі - "Золотой столп Джед" Ресейге алғаш рет жол тартқалы отыр.