Левит, Жүсіпов, Теміржанов: Сербия турниріне қатысатын боксшылар анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін бокстан Қазақстан командасы Belgrade Winner халықаралық турниріне қатысу үшін Сербияға аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев Белград шаршы алаңына шығатын боксшылар тізімін атады:

52 келі: Сәкен Бибосынов

57 келі: Серік Теміржанов

63 келі: Ертуған Зейнуллинов

69 келі: Абылайхан Жүсіпов

75 келі: Ермахан Жакпеков, Нұрқанат Райым

81 келі: Нұрбек Оралбай

91 келі: Василий Левит

+91 келі: Нұрлан Сапарбай

Турнир 22 сәуірде басталып, 28 сәуірге дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар