Лэйвер кубогы: Александр Бублик алғаш рет әлем командасында өнер көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM — 25-27 қыркүйекте Лондонда The O2 аренасында өтетін Лэйвер кубогына Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик қатысады.

Александр Бублик одержал легкую победу на старте АТР 500 в Дубае
Фото: Kazinform

А.Бублик теннис жұлдыздары қатысатын аталмыш додада алғаш рет өнер көрсетпекші. 

Қазақстандық теннисші әлемнің 9-ракеткасы Тейлор Фриц, сондай-ақ аустралиялық Алекс де Минор (6-орын), америкалық Бен Шелтонмен (5-саты) бірге әлем құрамасына енгізілді. 

Еуропа командасында әлемнің 2-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас, рейтингіде 3-орындағы германиялық Александр Зверев, италиялық Флавио Коболли (10-орын) және чехиялық Якуб Меншик (16-саты) ойнайды.

Лэйвер кубогының баспасөз қызметі А.Бубликтің сөзін келтірді. 

— Бұл тамаша. Мен Лэйвер кубогын жыл сайын сүйсіне қарадым. Бұл турнир спортымызға өте көп жарқын сәттер сыйлады, сондықтан соған қатысушы ретінде таңдалғаным мен үшін үлкен құрмет. Мен әлем командасының намысын қорғайтыныма мақтаныш сезіммен қараймын және Лондонда Лэйвер кубогында алғаш өнер көрсететін сәтімді асыға күтемін, — деді А.Бублик. 

Қазақстандық теннисші сонымен қатар Алматыда 17-25 қазан аралығында өтетін Almaty Open ATP додасында бақ сынайтынын мәлімдеді.

Ол Телеграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында: — Сәлем, достар! Қымбатты теннис жанкүйерлері, кездесуді асыға күтемін — Almaty Open турнирінде көріскенше! — деп жазды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Берлин турнирінде Елена Рыбакина мен Арина Соболенко кездесе ме, соны жазған едік

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде бірден 143 сатыға жоғары көтерілді