LG «ақылды» Follow Me шаңсорғышын ұсынды

АСТАНА. 17 сәуiр. ҚазАқпарат  -  LG Kompressor Follow MeTM -  шаңсорғышының  басты қызметі  пайдаланушының артынан автоматты түрде  ілесіп отыру.

LG «ақылды» Follow Me шаңсорғышын ұсынды

Оған  шланга мен сымдардың  қажеті жоқ,  деп хабарлайды   LG Electronics  компаниясы. Бұл туралы BNews.kz жазды.

«LG Electronics компаниясы  егер қажет заттың барлығы қол астымызда болса, өмір сүру жеңілірек және көңілдірек болатынына  сенімді. LG Kompressor Follow MeTM  көңілсіздеу саналатын жинап, тазалау үдерісін  керемет қызықты жұмысқа айналдырып, біздің  соңымыздан өздері ілесіп отырады», - делінген компания таратқан хабарламада.

 Follow Me (ағылшын тілінен аударғанда - «менің артымнан ілес») технологиясы  шаңсорғыштың корпусында орналасқан датчиктерге үй иесі тұтқадан ұстады, енді осы сәттен бастап, ақылды техника жағдайды өзі бақылап, щеткаларды қозғалысқа келтіре бастайды. Сонымен қатар LG Kompressor Follow MeTM  үй иесінің өкшесін басып кетпейтіндей үнемі арақашықтықты ұстап отырады. Бұл  корпус пен тұтқаның  арасында 100 см  арақашықтық ұстауға көмектесетін (Automatic Location Recognition) датчиктерінің арқасында мүмкін болады.