Лхоцзе шыңын бағындыру кезінде қазақстандық экспедицияның мүшесі Сергей Самойлов қаза тапты

АЛМАТЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Еліміздің альпинизм құрамасының бас жаттықтырушысы Ерванд Ильинскийден қайғылы хабар түсті. Мамырдың 26-сында Лхоцзе шыңын бағындыру кезінде қазақстандық экспедицияның мүшесі Сергей Самойлов қаза тапты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат республикалық Альпинизм және шыңға өрмелеу федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ағымдағы жылы наурыздың 28-інде біздің экспедицияның Непалға аттанып, сол жақтан Лхоцзе шыңына сапар бастағанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Лхоцзе - биіктігі 8 мың метрден асатын әлемдегі 14 шыңның соңғысы. Қазақстандық альпинистер 13 шыңды бағындырып қойған болатын. Лхоцзенің биіктігі ? 8 545 метр. Қазақстандық команданың құрамында жеті тәжірибелі альпинист - Василий Пивцов, Сергей Самойлов, Артем Скопин, Александр Рудаков, Евгений Шутов, Александр Софрыгин және команда капитаны Мақсұт Жұмаев кірді. Экспедиция мамырдың 30-ында аяқталуы тиіс болатын.
Соңғы жаңалықтар