09:21, 15 Наурыз 2013 | GMT +5
Ли Кэцян ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері болып сайланды
БЕЙЖІҢ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Күтілгендей, Ли Кэцян ҚХР Мемлекеттік кеңесінің жаңа премьері болды.

Мұндай шешімді Бейжіңде өтіп жатқан Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысының (ХӨБҚЖ, жоғары заңнамалық орган) жыл сайынғы сессиясы аясында қытай парламентінің депутаттары қабылдады.
Бүгін 12-ші шақырылымдағы ХӨБҚЖ-нің бірінші сессиясының пленарлық отырысы барысында дауыс беру жолымен Ли Кэцян ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері болып сайланды.
Үкіметтің жаңа басшысы 1955 жылы Аньхой провинциясында дүниеге келді. Қытай коммунистік партиясының қатарына 1976 жылы өтті. 2008 жылдың наурызында ҚХР Мемкеңесінің вице-премьері болып бекітілді.
Еске салайық, Бейжіңде 12-ші шақырылымдағы ХӨБҚЖ-нің бірінші сессиясы өтуде. Сенбі, 16 наурыз күні ҚХР Мемкеңесінің жаңа құрамы құрылатын болады.