Либерияның бұрынғы президенті 50 жылға сотталды
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Гааганың Сьерра-Леоне жөніндегі Арнайы трибуналы Либерияның бұрынғы перизеденті Чарльз Тейлорды 1991-2002 жылдары адамзатқа қарсы жасаған қылмысы үшін 50 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Бұл туралы ВВС Орыс қызметі не сілтеме жасап, BNews.kz хабарлайды.
Судьяның сөзіне қарағанда, қару-жарақпен қамтығаны үшін алғыс ретінде көтерілісшілер Тейлорға «қанға малынған алмаздар» жөнелтіп отырған.
Революциялық біріккен майдан бүлікшілері «ақиқат» үшін күресте үлкен жауыздық танытқан: олар бейбіт тұрғындарды өлтіріп, жарақаттап, бейкүнә әйелдер мен қыздарды жәбірлеген.
Тейлор өз кінәсін мойындамай отыр, ал оның жақтаушылары соттың шығарған үкімін тым «қатаң» деп бағалады.
Прокуратура бұған дейін 80 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынған болатын.