Лицензия-рұқсат беру жүйесін реформалау барлық рұқсат беру қағаздарын электронды форматқа көшірумен қатар жүруі тиіс - Қ.Келімбетов

Министрдің атап өтуінше, бірыңғай заңда лицензиялар мен рұқсат ету қағаздардың түбегейлі тізбесі, оларды кәсіпкерлік қызметтің қауіптілік дәрежесіне қарай санаттарға бөлу көзделуде. Сонымен қатар оларды беру шарттары мен тәртібі сараланатын болады.Атап айтқанда, қауіптілік дәрежесі төмен қызмет түрлері хабарлау тәртібімен жүзеге асырылатын болады.
«Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды тиімді жүргізу үшін рұқсат беру қағаздарының жаңа түрлерінің енуіне мораторий енгізу бастамасын Елбасының алдына шығаруды орынды деп санаймыз. Лицензия-рұқсат беру жүйесін реформалау барлық рұқсат беру қағаздарын электронды форматқа көшірумен қатар жүруі тиіс», - деді ол.
Қ.Келімбетовтің айтуына қарағанда, осы мақсатта Байланыс және ақпарат министрлігіне енетін «Е - лицензиялауды» «Е-рұқсат беруге» дейін жаңа ұсыныстарды ескере отырып, қызметін кеңейту мәселесін қарастыру қажет. Жаңа Заңды 2012 жылы әзірлеу көзделіп отыр.