LifeNews «Боингтың» құлау себебі туралы ақпарат үшін 100 мың доллар беруге уәде етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - LifeNews апатқа ұшыраған малайзиялық «Боингтың» не себепті құлағанын анықтауға көмек беретін ақпарат үшін 100 мың доллар сыйақы беретіні туралы өз сайтында жария етті. Телеарна бұл соманы «Украэроруха» әуе қозғалыстарын басқару орталығының әуедиспетчеріне төлеуге дайын екенін алға тартып отыр, деп жазады Lenta.ru.
LifeNews мәліметінше, УҚҚ диспетчерлерге ешкіммен сөйлеспеу туралы тыйым салған. Оған қоса диспетчерлер арнайы қызмет бөліміне олармен байланыс жасамақ болғандар туралы хабарлап отыруға міндеттелген.
Сондай-ақ, LifeNews Украинаның шығысында болған ұшақ апаты себептерін анықтауға бағытталған төл зерттеу жұмыстарын бастағаны туралы хабарлаған.