Лифт шахтасына құлап, бір бала мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Дондағы Ростов қаласында лифт шахтасына құлап, бір бала қаза тапты. Аталған факті бойынша тергеуалды тексеру жүргізілуде.

Лифт шахтасына құлап, бір бала мерт болды

Бұл туралы РФ ТК баспасөз қызметінен хабарлады.

"Алдын ала деректер бойынша, бүгін, 15 сәуірде таңғы сағат 10-дарға таман сегіз жасар бала Дондағы Ростов қаласындағы Евдокимов көшесінде орналасқан 15 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің 13 қабатынан лифт шахтасына құлап кетті", - делінген хабарламада.