Лике Мартенс - Еуропа мен әлемнің ең үздік футболшы қызы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» мен Голландия құрамасының жартылай қорғаушысы Лике Мартенс ФИФА тұжырымы бойынша 2017 жылдың ең үздік футболшы қызы атанды. 

Лике Мартенс - Еуропа мен әлемнің ең үздік футболшы қызы

Одан бөлек, бұл марапатқа "Санта-Клаританың" ойыншысы венесуэлалық Дэйна Кастельяно мен 2016 жылы үздік футболшы атанған "Хьюстон" ойыншысы америкалық Чарли Ллойд үміткер болды, деп хабарлайды sport-express.

Жеңімпаздың есімін неміс футболшысы Селия Шашич пен жапондық футболшы Хидетоси Наката жариялады. Мартенс Лондондағы марапаттау рәсіміне қатыса алмады, ол жүлдені алдын ала үш мәрте «Алтын доп» иегері атанған Марко ван Бастеннің қолынан алды.