Лимонның иісі адамдарды жомарт етеді екен

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Олар лимон қосылған зарарсыздандыру заттарының иісінің адамдарға тигізетін әсерін зерттеген. Тәжірибе барысында олар 14 адамнан тұратын еріктілердің бір тобын лимон қосылған зарарсыздандырушы заттың иісі тұрған бөлмеге жайғастырған, таза желдетілген екінші бөлмеге де сонша адам жайғастырған. Және қатысушылардың әрқайсысының қолына 12 доллардан беріп, ол ақшаны екі бөлмедегі адамдардың кез-келгенімен бөлісуді өтінген. Тәжірибе шарты бойынша, ақшаны өз қалтасында қалдыруға да рұқсат етілген.
Зерттеушілер қорытынды шығарған кезде, лимон иісімен тыныс алғандардың жомарттығына көз жеткізген: олар орта есеппен басқа қатысушылармен 5 доллар 33 центтен бөліскен ал екінші бөлмедегілер сараңдық танытып, орта есеппен 2 доллар 81 центпен бөліскен. Зерттеушілердің пікірінше, лимон иісі адамдардың көңілін жайландырып, олар айналасындағыларға жомарттық таныта бастайды екен.