Линдси Лохан АҚШ президенттігіне үміткер болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық әнші Линдси Лохан 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысатынын жариялады. Ол өзінің бұл шешімін әлеуметтік желі арқылы жұртқа мәлім етті, деп жазады planet-today.ru.
None
None

Бұған дейін осы елдің репері Канье Уэст те өзінің президенттіктен дәмесі барын білдірген болатын. Барак Обама оның жолы болатынына күмән келтірген болатын. Себебі чикаголықтар қара нәсілдіні сайламай қоюы мүмкін.

Линдси Лохан Канье Уэстке оған жігер бергені үшін алғыс айтыпты. Актриса президент болса, бүкіл әлем бойынша балаларға көмек берумен айналысатынын айтқан. Ол сондай-ақ елде есірткі заттарының таралуына және жанұялардағы зорлық-зомбылыққа қарсы екендігін мәлімдеген.

Америка жұртшылығы бұл мәлімдемеге күмәнмен де, күле де қараған екен. Себебі, Лохан есірткі және алкогольге тәуелділіктен бірнеше мәрте емделген көрінеді.

Соңғы жаңалықтар