Лингвистер өлі тілдерді қалпына келтіруді үйренді

Зерттеушілер осы заманғы тілдердің қалпыптасуына өзек болған ежелгі тілдердің құрылымын қалпына келтіретін компьютерлік бағдарлама жасады. Бұл бағдарламаны сынақтан өткізу кезінде зерттеушілер тобы бүгінде Азия және Тынық мұхиты елдерінде таралған 637 тілді қарастырды және олардың арғы тегін қалпына келтірді.
Бүгінгі таңда лингвистер өлі тілдерді зерттеуде салыстырмалы-тарихи әдісті қолданады, бірақ бұл өте ұзақ және күрделі үдеріс. Берклидегі Калифорния университетінің профессоры Дэн Кляйн компьютерлер тілдік ақпараттарды талдауда лингвистерге көмектесе алатынын айтады. «Адамдар бастапқы ақпараттың орасан зор көлемін талдауға біраз уақытын сарп етеді. Әлемде мыңдаған тілдер бар, оларды әрқайсысына мыңдаған сөздер бар. Осы мәліметтердің бәрін жүйелеп, тілдердің уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырауын талдауға жүздеген жылдар қажет», - деп атап өтеді ғалым.