07:59, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Линкольннің сөйлеген сөзі 3 миллион долларға сатылды
ВАШИНГТОН. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат - 1864 жылғы президенттік сайлаудағы жеңісіне орай Ақ үйде сөйленген Авраам Линкольннің сөзі бейсенбі күні Christie's аукционында 3 миллион 342 мың 500 долларға сатылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Линкольн бұл сөзінде азаматтық соғыстан кейінгі Солтүстік пен Оңтүстікті бітімге шақырып, азат болған қара нәсілді құлдарды американ қоғамына ықпалдасуға үндеген болатын. Саясаткердің өзі сол саяси кезеңді «ұлттың қайта өркендеуі» деп атаған екен.