Лион қаласында мұражайдан 1800 бағалы тастан жасалған тәж ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағалы таспен көмкерілген XIX ғасыр тәжін француздық Дион қаласындағы діни өнер мұражайынан ұрлап кетті. 

  Лион қаласында мұражайдан 1800 бағалы тастан жасалған тәж ұрланды

Қарақшылар сенбіге қараған  түні мұражайға кіріп, одан басты жәдігерлердің бірін ұрлап кеткен.

Тәж 1899 жылы жасалған, сол кездегі Лионның бай отбасы сыйға тартқан тәж бағалы тас, маржандармен көмкерілген.

Оның құны  миллион долларға бағалануда.

Ұрылар тәжбен бірге жүзік пен ыдысты да қолды еткен.

Осы оқиғадан кейін мұражай тергеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылды.