Лион соты экс-банкир Әбіләзовті босату туралы өтінішті қанағаттандырмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Лион қалалық апелляциялық соты дүйсенбі күні БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің қорғаушылары жазған өтінішті қанағаттандырмады. Онда адвокаттар экс-банкирді босатуды сұраған, деп жазады РИА Новости.
Соттың тергеу палатасы төрағасы Люк Фонтеннің сөзіне қарағанда, қорғаушылар Әбіләзовты босатқан жағдайда соттан ізін суытпайтынына қажетті кепілдіктер бере алмаған.
Әбіләзов 2013 жылы 31 шілдеде Францияда ұсталды. Содан бастап қамауда. Осыған дейін француз әділет органы бизнесменнің бостандыққа шығу туралы екі өтінішімен келіспеді.
Қазақстан Әбіләзовты жалпы сомасы 6 миллиард доллардан асатын қаржыны жымқырды деп айыптап отыр. Банкирді Ресей мен Украина да уысына түсіруге ниетті.