Лионель Месси Францияның «ПСЖ» клубында қалатын болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Францияның «ПСЖ» клубында қалатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, клубпен келісімшарт мерзімі 2023 жылғы жазда аяқталуы тиіс болатын.

Клуб президенті Нассер Аль-Хелаифи Қатардағы әлем чемпионаты кезінде Мессидің әкесімен кездескен. Кездесу барысында Мессидің тағы бір маусымға қалатыны жөнінде ауызша келісімге қол жеткізілген.

Мессиге «Барселонаға» қайта оралу жөнінде ұсыныс түспеген.

Оған қоса әлем біріншілігінің жеңімпазы атанғаннан кейін Месси Чемпиондар лигасын тағы бір мәрте ұтқысы келеді. Бұл ретте «Барселонамен» салыстырғанда, «ПСЖ» жобасы оған оң жамбасқа келеді.

Бұдан бұрын «Барселона» клубының президенті Жоан Лапорта Лионель Мессидің қайта оралуы жөніндегі мәселені талқылағысы келетіні туралы хабар таралған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының ФИФА рейтингісіндегі орны анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Роналду «Аль-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшарт жасады.

Футболдан әлем чемпионатына қатысқан құрамалардың қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Марокко құрамасының ойыншылары 25 млн еуро сыйақыны қайырымдылық мақсатына жұмсамақшы.

Фото : Championat.com


Соңғы жаңалықтар