Лионель Месси өз туған күнінде үйленбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси өз туған күнінде үйленуді көздеп отыр, деп жазды aif.ru.
Аргентиналық футболшының сүйіктісі Антонелла Рокуццомен некелесу күні биылғы 24 маусымға жоспарланған. Бұл күні Месси 30 жасқа толады.
Некелесу рәсімі олардың туған қаласы Росариода өтеді, тойға шамамен 700 қонақ келеді деп күтілуде.
Лионель мен Антонелла азаматтық некеде тұрады, 2012 жылы тұңғыштары Тьяго дүниеге келді. 2015 жылы екінші ұлдары Матео туды.