Лионель Месси тағы да үздік болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси Еуропалық футбол клубтарының қауымдастығының (ЕСА) нұсқасы бойынша 2015 жылдың үздік футболшысы ретінде «Globe Soccer Awards» сыйлығына ие болды, деп хабарлады Lenta.ru.
None
None

Марапаттау рәсімі 27 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірлігінде өтті. Бұл туралы шараның Twitter-дегі ресми парақшасынан хабарлады.

Месси «Ювентус» қақпашысы Джанлуиджи Буффоннан және «Реал» форварды Криштиану Роналдудан озды. 2015 жылы аргентиналық Испания чемпионы, ел Кубогінің және УЕФА Суперкубогінің иегері болып, чемпиондар лигасы мен Клубтың әлемдік чемпионатында бес титулға ие болған.

Үздік европалық клуб ретінде «Барселона» танылса, ал бапкерлер арасында бельгиялық құраманың жаттықтырушысы Марк Вильмотс көш бастады.

2016 жылы 11 қаңтарда Цюрихте Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша үздік ойыншыны «Алтын доп» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді. Үміткерлердің қатарында Лионель Месси, Неймар («Барселона») және Криштиану Роналду бар.

Соңғы жаңалықтар