Лионель Мессиді «Манчестер Сити» сатып алуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Манчестер Сити» «Барселонаның» ойыншысы Лионель Мессиді 200 млн. фунтқа сатып алуы мүмкін.
None
None

Бұған дейін Мессидің «Барселонада» қалуға құлқы жоқ екендігі, оған бұл жерде Кришитану Роналдуды «Реалда» құрметтегендей құрмет көрсетілмейтіндігі туралы пікірі айтылған болатын. Католондық клуб Мессиді 2016 жылы сатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Месси салықтан жалтарып жүргендіктен Испаниядан кетпекші деген де ақпарат тараған.

Кеше ғана аргентиналық футболшы Месси Испания футбол чемпионатында 253 гол салып, жаңа рекорд орнатқан болатын.

Бұған дейінгі рекордты 1955 жылы Тельма Сарра жасаған, ол өз карьерасында испандық футболда 277 матч өткізіп, онда 251 гол салған. Ал Месси Испания чемпионатының 289 ойынына қатысып үлгерді.

Соңғы жаңалықтар