Лисаков қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған өрт салдарынан 5 жастағы бала мерт болды - ТЖМ

АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Лисаков қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен шыққан өрт 5 жасар сәбидің өмірін қиып кетті,

Лисаков қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған өрт салдарынан 5 жастағы бала мерт болды - ТЖМ

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

 Өрт өткен сенбі күні сағат 14.28-де 1-ші шағынаудандағы бес қабатты тұрғын үйден шықты. 6 шаршы метр аумаққа жайылған жалын Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен 12 минут ішінде ауыздықталғанымен, тілсіз жау 5 жастағы нәрестенің өмірін қиып кетті.