Лисаков тұрғындары кешеден бері ауыз сусыз отыр
Кәріз коллекторында апат болған. Осыған байланысты бүкіл қала суық судан ажыратылды, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл жағдайды жергілікті әкімдік мамандары түсіндірді.
Айтуынша, коммуналдық апат сенбі күні болған. Содан бері жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жүйе суға толтырылып, қысым қалпына келтірілу үстінде.
— EXPO айналма жолы ауданындағы кәріз коллекторында болған апаттық жағдайға байланысты 6 қаңтар сағат 16:00–ден бастап апат жойылғанға дейін қала мен коттедждерге суық сумен жабдықтау тоқтатылды. Тұрғындарға алдын ала ескертіп, 12 сағатқа жететін ауыз су қорын дайындауға кеңес бердік. Сондай-ақ су өшіп тұрғанда шаруашылық-тұрмыстық кәрізді пайдаланбауды өтіндік, — деп хабарлады әкімдік.