Лисаковскіде жоғалған мектеп оқушылары Қостанайда табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бір сағат бұрын полицейлер Қостанай облысының аумағында іздеуге жарияланған Лисаковскінің 13 жасар үш тұрғынын тапты. 

Лисаковскіде жоғалған мектеп оқушылары Қостанайда табылды

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.

Жасөспірімнің табылғаны туралы ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Әділ Ахметов, Рад Бобренко мен Екатерина Гофман Қостанайдың Орталық базарынан табылды. Олар таныстарының үйінде түнегенін айтқан. Жеткіншектер Қостанайға келу себептерін «өз еркімен жүруді» қалағандарымен түсіндірген және сол себепті де ата-аналарына хабар бермеген.

«Қыздар Лисаковскіге жіберілді. Олардың облыс орталығында немен айналысқандары анықталып, жұмыс жүргізіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Бұған дейін хабарланғандай, 2 наурыз күні таңертең оқушы-құрбы қыздар Лисаковскіден Қостанайға жол тартқан. Алайда олардың мекенжайлары туралы ешқандай ақпарат болмады.