Лиссабонда өткен халықаралық фестивальде Д. Өмірбаевтың «Студент» фильмі арнайы жүлде иеленді
АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат - Португалияның Лиссабон қаласында 9-18 қараша күндері "Lisbon & Estoril Film Festival» халықаралық кинофестивалі өтті.
Өнер бәсекесіне қатысқан Дәріжан Өмірбаевтың «Студент» фильмі қазылардың арнайы жүлдесін иеленді.
«Ағымдағы жылы жарық көрген «Студент» драмалық фильмі Ф. Достоевскийдің «Қылымс пен жаза» романының желісі бойынша биыл түсірілген болатын. Фильм сценарийінің авторы да Д. Өмірбаев. Онда басты кейіпкерлерді Нұрлан Байтасов, Майя Серікбаева, Едіге Болыспаев, Бақытжан Тұрдәлиев, Аружан Сайн, Аменгелді Айталы, Әсел Сағатова пен Дәріжан Өмірбаевтың өзі сомдайды. Ұзақтығы 90 минут болатын туындының операторы Борий Трошев, композиторы Бауыржан Қуанышев, дыбыс режиссері Илья Бисеров.