Лицензиялық турнир: Әлішер Ерғали жартылай финалда Қытайдағы қазақ балуанмен белдеседі
БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық балуан Әлішер Ерғали жартылай финалда қытайда тұратын қандасымыз Әбусайман Хабиламен белдеседі.

97 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Әлішер Ерғали ширек финалда Қырғызстан спортшысы Андрей Ароновты 10:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.
Енді ол Париж Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынатын аса маңызды белдесуін қытайдағы қазақ балуаны Әбусайман Хабилаға қарсы өткізбек.
Қытайда тұратын қандасымыз 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған балуан.
Әбусайман Хабила1998 жылы 1 маусымда қытайдағы Шынжаң өлкесінде дүниеге келген. 13 жасынан бастап еркін күрес түрімен айналыса бастаған.
Ол 2021 жылдан бері қарай Қытайдың күрес түрлерінен ұлттық құрамасында 97 келі салмақта өнер көрсетіп келеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде еркін күрестен үш қазақстандық балуан жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінің финалдық белдесулері 17:00-де басталды.
Айта кетейік, финалға шыққан екі балуан Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болады.