Лицензиялық турнир: Бүгін жарыс жолына үш боксшымыз шығады

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің төртінші күні шаршы алаңға үш боксшымыз шығады.

Сәкен Бибосынов
Фото: olympic.kz

Олар:

60 келі: 

Римма Волосенко – Камила Паоло Пинейро Муйно 

Кездесу шамамен 15:00-де басталады. 

51 келі: 

Сәкен Бибосынов – Давид Каранжа Мачариа 

Жекпе-жек 00:30-да басталады. 

92 келі: 

Айбек Оралбай – Санжит Санжит 

Айқас шамамен 01:15-те басталады. 

Аталған турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ерлерден алты, әйелдерден бес боксшы қатысуда. 3-12 наурыз аралығында өтетін лицензиялық турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып жатыр.