Лицензиялық жарыс: Балуан қыздарымыздың қарсыластары анықталды

күрес
Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын соңғы лицензиялық жарыстағы бұрымды балуандарымыздың қарсыластары белгілі болды.

Әйелдер күресіннен сайыстар 10-11 мамыр күндері өтеді.

50 келі. 1/16 финал:

Лаура Ғаниқызы (Қазақстан) - Тхи Сюань Нгуен - (Вьетнам)

53 келі. 1/16 финал:

Марина Седнева (Қазақстан) - Зелтин Эрнандес Гуерра - (Мексика)

57 келі. 1/16 финал:

Лаура Алмағанбетова (Қазақстан) - Йонгжин Квон (О. Корея)

62 келі. 1/8 финал:

Ирина Кузнецова (Қазақстан) - (қарсыласы алғашқы айналымда анықталады)

68 келі. 1/8 финал:

Елена Шалыгина (Қазақстан) - (қарсыласы алғашқы айналымда анықталады)

76 келі. 1/16 финал:

Эльмира Сыздықова (Қазақстан) - Эпп Мяэ - (Эстония)

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі уақытта күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына жеті жолдама бар. Оның төртеуін грек-рим күресінің өкілдері иеленсе, үшеуі – еркін күрес шеберлерінің еншісінде.

Ал бұрымды балуандарымыз әлі бірде-бір жолдамаға қол жеткізе алмай келеді.

Соңғы жаңалықтар