Литва байқаушысы: Биылғы сайлау - Қазақстандағы демократиялық үдерістердің өзгеру үлгісі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы сайлау - Қазақстандағы демократиялық үдерістердің өзгеру үлгісі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы барысын бақылауға келген шетелдік делегаттардың баспасөз мәслиxатында Литва атынан келген xалықаралық байқаушы, Литва Сеймінің депутаты, ЕКПА-дағы Литва делегациясының мүшесі Гедиминас Якавонис мәлім етті.

Литва байқаушысы: Биылғы сайлау - Қазақстандағы демократиялық үдерістердің өзгеру үлгісі

«Қазір сайлау барысында Сіздердің мемлекеттеріңіз болашаққа, келешек басымдықтарға маңыз беріп келе жатқандығын байқауға болады. Мемлекетте ұзақ мерзімдік стратегия бар. Бірінші кезекте ол - 2050 стратегиясы. Ол әлемдегі дағдарыс жағдайынан тиімді шығудың шешімін ұсынады. Сіздердің мемлекеттеріңіз бен биліктеріңіздің саясаты ешкімге тәуелді еместігі ұнайды. Сіздердің Президенттеріңіз елді өте ақылды басқаруда. Биылғы сайлау - Қазақстандағы демократиялық үдерістердің өзгеру үлгісі», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.