Литва ертеңнен бастап еуроға көшеді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Латвия, Эстония елдерінің соңын ала Литва да еуроға көшпек. Ертеңгі күннен бастап Еуроодақ валютасы біртіндеп ұлттық лит валютасының орнын баспақ.

Алдағы екі апта бойы айналымда екі валюта да жүретін болады. Бұл ескі ақша белгілерін жаңа ақшаға айырбастауда халық арасында дүрбелең тудырмас үшін қолға алынып отыр. «Бұл Литва үшін ғана емес, еуроаймақ үшін де символикалық сәт, бұл аймақ жаңа қатысушылар үшін де тұрақты, тартымды әрі ашық болып қала береді», - дейді Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис. Литва ЕО-тың негізгі валютасына көшкен еуроаймақтағы 19-шы ел және Еуроодақтағы Балтық маңы елдерінің соңғысы болып табылады. Латвия бұған 2013 жылы, ал Эстония 2011 жылы көшкен болатын. Естеріңізге сала кетейік, Литваның Орталық банкі қараша айында халық арасында алда болатын ақша реформасы туралы сауалнама жүргізген болатын. Оның нәтижесі бойынша, еуроға көшуді ел тұрғындарының 53% жақтаған, ал 39%-ы ЕО валютасынсыз да жаман емес деп санаған.

Соңғы жаңалықтар
telegram