Литва тұруға ықтиярхат беру ережелерін күшейтті

АСТАНА. KAZINFORM – Литва билігі елден тыс жұмыс істейтін сыртқы қызмет көрсетушілерге жүгінетін шетелдіктер үшін тұруға ықтиярхат  алуға өтініштерді қабылдау ережелерін күшейтті. Бұл туралы Көші-қон департаментінің директоры Эвелина Гудзинскайте мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Литва
Фото: pexels.com

«Сыртқы қызмет көрсетушілер тек өздері жұмыс істейтін елдің азаматтарының өтініштерін қабылдай алады. Бұл процедура 30 қарашадан бастап күшіне енеді», - деді ол LRT ұлттық радиосының эфирінде. 

Директордың түсіндіруінше, шешім көші-қон саласындағы ағымдағы үрдістер, ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлер, сондай-ақ қызмет көрсететін өкілдің әкімшілік мүмкіндіктерін ескере отырып қабылданған.

2024 жылы Литва сыртқы қызмет көрсету орталықтарының санын қысқартты. Олар Иордания, Ливан, Непал және Шри-Ланкада жабылды. 

Қазіргі уақытта әртүрлі елдерде Вильнюсте аккредиттелген осындай 30 орталық жұмыс істеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар