Литвада 25 әскери қызметші курстық даярлықтан өтті - ҚР ҚМ (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Литва қорғаныс ведомстволары өкілдерінің штабтық келіссөздері өтті. Екі елдің әскери қызметшілері әскери ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздіктің аспектілерін талқылады.
Қазақстандық делегацияның басшысы, ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы, полковник Әділ Беков ҚР Қарулы Күштері Қорғаныс министрлігінің басым міндеттерінің бірі - әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында шетел мемлекеттерінің тәжірибесін зерделеу арқылы әскерилерді даярлау екендігін атап өтті.
Сондай-ақ халықаралық әскери ынтымақтастықтың маңызды аясының бірі білім мен ғылым екенін атап өтіп, курстық даярлыққа қатысу үшін литвалық тараптың ұсынып отырған квотасы үшін алғыс білдірді.
2008 жылдан бастап Литваның жоғары оқу орындарында ҚР Қарулы Күштерінің 50-ге жуық әскери қызметшісі білім алып, оның ішінде соңғы 2012-2015 жылдары 23-ке тарта қазақстандық әскери қызметші сол жерде курстық даярлықтан өтті.
Сонымен бірге, Литва Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және операциялар департаментінің директоры Робертас Шапронас басқарып отырған литвалық делегация тыңдаушыларға дәріс оқу, сондай-ақ Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығында кездесу үшін Елбасы - Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне аттанды.
ҚР Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университетінде дәріс оқуға елшілер, әскери атташелер, сондай-ақ шетелдің әскери-ғылыми ортасының өкілдері ұдайы шақырылып тұрады.