Литвада бүгін президент сайлауы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Литвада бүгін, 11 мамырда президент сайлауы өтеді. Конституция бойынша өз жақтастары қолдап 20 мың қол жинаған жеті үміткердің ішінде қазіргі мемлекет басшысы Даля Грибаускайтенің мүмкіндігі жоғары, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Литвада бүгін президент сайлауы өтеді

Delfi интернет-порталының тапсырысымен 2014 жылғы сәуір айының ортасында Spinter tyrimai компаниясы өткізген сауалдама нәтижесі бойынша Грибаускайтеге сайлауға қатысуға ниет білдірген респонденттердің 46,4 пайызы дауыс беруге әзір.

Алғашқы турда жеңіске жетуі үшн оған сайлаушылардың 50 пайыздан астамы қатысқан жағдайда жартысынан көп дауыс жинаса жеткілікті. Егер дауыс беруге қатысу одан кем болса, онда қазіргі президент сайлаушылардың үштен бір дауысынан кем емес, басқаларынан көп дауыс жинауы тиіс.

Сондықтанда да президенттік сайлаудағы негізгі мәселе литвалықтарға екінші тур қажет бола ма, деген сұрақ. Дегенмен кейбір саясаттанушылар екінші тур болған жағдайда сайлаудың нәтижесі күтпеген жағдайда аяқталуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Грибаускайтеден басқа президенттік орынтаққа социал демократ Зигмантас Бальчитис, «Еңбек партиясынан» үміткер Артурас Паулаускас, Литва поляктары сайлау акциясының көшбасшысы Вальдемар Томашевский, Вильнюс мэрі Артурас Зуокас, Игналина мэрі, Литваның шаруалар және «жасылдар» одағының өкілі Бронис Ропе және парламентші Наглис Путейкис додаға түседі.

Республика конституциясы бойынша, соңғы үш бойы Литвада тұрған кез келген тегі литвалық азамат (үміткерлердің ата-аналарының бірі ол дүниеге келген кезде Литва азаматы болуы тиіс) үміткер бола алады. Президенттікке үміткер кемінде 40 жасқа толған және Сеймге сайлануға құқығы бар болуы қажет. Егер бірінші турда президентті сайлау мүмкін болмаса, онда екінші тур 2014 жылғы 25 мамырда Еуропарламент сайлауымен бір мезгілде өтеді. Онда жоғарғы мемлекеттік лауазымға екі үміткер түседі. Бұл турда ең күшті үміткер жеңіп шығады, дауыс беруге қатысушылар саны нормалары қолданылмайды.