Литвада доңыз тұмауымен ауырғандардың саны 22 адамға жетті

ВИЛЬНЮС. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Литвада тағы А (Н1N1) тұмауымен ауырған жағдай тіркелгенін мәлім етті, Литва АҚТҚ орталығы,

Литвада доңыз тұмауымен ауырғандардың саны 22 адамға жетті

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Соның салдарынан оны жұқтырғандардың жалпы саны 22 адамға жетті. Жаңа жағдай Паневежис, Вильнюс, Клайпеда, Каунас және Пренай қалаларынан алынған сынамалардың негізінде тіркелді, барлық жұқтырғандар - 30 жасқа дейінгі адамдар.

Олардың аурулары жеңіл түрде өтуде, сырқаттанғандардың беті бері қараған.