Литвада парламент сайлауындағы дауыс беру аяқталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлаушылардың белсенділігі белгілі бір уақыт аралығында 2012 жылғы парламент сайлауындағы көрсеткіштен де артып кетті. Алайда, тәуліктің екнші жартысында тұрғындардың белсенділігі мүлдем төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Дауыс беру аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша, сағат 20-00-де 1996 сайлау учаскесі түгел жабылды. Дегенмен, олардың кейбірінде дауыс беру әлі де жалғасуы мүмкін еді», деді Бас сайлау комиссиясының төрағасы Зенонас Вайгаускас.
«Сайлаушыларға сағат 20-00-ге дейін өздерінің таңдауларын жасауға рұқсат етіледі»,-деп қосты ол. Осыдан соң 14 мың адамы бар комиссия өкілдері дауыстарды санауға кіріседі.
Тәжірибе көрсеткеніндей, дауыстарды санау мәліметтерді беру жұмыстарына кедергі болмаса қажетті деректер түннің жарымында келіп түседі. Соған қарамастан, дауыстарды санау дүйсенбі күні таң атқанға дейін жалғасады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, дауыс берушілердің сайлау учаскелеріне келу көрсеткіші 49 пайызды құрап отыр. 4 жыл бұрын бұл көрсеткіш 52,93 пайыз болатын. Дегенмен, сайлау өткен болып саналады. Өйткені бұл елдің заңдары бойынша сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші мемлекет тұрғындарының 25 пайызынан асуы керек.